Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық бастамалары – әлемнің гүлденуіне үлес қосу

Қазақстан БҰҰ ҚК жұмысына халқыралық ынтымақтастық пен қауіпсіздік салаларында серпін беруге ынталы – Нығматулин

Мәжіліс Төрағасы Н.Нығматулин Санкт-Петербор қаласында ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесі отырысына қатысты, деп хабарлады ҚР Парламентінің Мәжілісі.
Астана қаласы 24 Қараша, 15:34

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Санкт-Петербор қаласында ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесі отырысында сөз сөйлеп, Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тұрақты емес мүшелігі аясында аймақтық өзара іс-қимылдың өзекті сұрақтарын талқылауға қазақстандық парламентшілердің де белсене қатысуына қатысты бірқатар ұсыныстарды алға тартты.

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай біздің еліміз БҰҰ ҚК жұмысына халқыралық ынтымақтастық және қауіпсіздік, қарусыздану, терроризммен күрес және аймақтық қақтығыстарды ретттеу салаларында серпін беруге ынталы», - деді Н.Нығматулин.

Сондай-ақ, осы күні Санкт-Петербор қаласында өтетін ҰҚШҰ тоғызыншы пленарлық отырысында ұйымға мүше-мемлекеттердің төтенше жағдайдағы қауіпсіздік бағытында кадрларды қайта даярлау мәселесінде ұлттық заңнаманы үндестіру жолындағы ұсыныстар талқыланады. Сондай-ақ, басқа да әлеуметтік-экономикалық мәселелер назардан тыс қалмайды.

ҰҚШҰ ПА құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан парламенттерінің өкілдері кіреді.

Үш тұрақты комиссия жұмыс істейді. Олар әлеуметтік-экономикалық және құқықтық, саяси және халықаралық ынтымақтастық, қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөнінде.





Яндекс.Метрика