Халықаралық интеграция

Н.Нығматулин РФ Мемлекеттік Думасының Төрағасы В.Володинмен кездесті

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Санкт-Петербор қаласында Ресей Мемлекеттік Думасының Төрағасы Вячеслав Володинмен кездесті.
Әлемде 24 Қараша, 13:49

ҚР Парламенті Мәжілісінің ақпараты бойынша, парламенттік делегациялардың ТМД ПА және ҰҚШҰ ПА күзгі сессиясы аясында өткен кездесу барысында Мәжіліс Спикері әріптесін қызметімен құттықтай отырып, Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынасты одан әрі нығайтуға сенім білдірді.

Қос мемлекет басшыларының өзара түсіністік пен достығы негізінде құрылған екіжақты байланыстың стратегиялық маңызына баса назар аудара келіп, Н. Нығматулин тығыз саяси үнқатысу мен экономикалық қарым-қатынас жайына тоқталды.

Вячеслав Володин өз сөзінде екі мемлекет арасындағы достық байланысқа баса мән бере келіп, қазақстандық-ресейлік парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі ынталандыру жайын алға тартты. Мәжіліс Төрағасы әріптесін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. 





Яндекс.Метрика