«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

БАӘ инвестициялық компаниялары «Нұрлы жол» аясында Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруды көздейді

Қазақстанның сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді басқарған қазақстандық іскерлік топтар делегациясы Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барды.
Әлемде 24 Қараша, 19:57

ҚР Сыртқы істер министрлігінде хабарлағандай, М. Тілеубердінің БАӘ Мемлекеттік сыртқы істер министрі Анвар Гаргашпен кездесуі барысында тараптар сауда-экономикалық әріптестікті одан әрі дамыту мен тереңдету мәселелерін, соның ішінде келесі жылғы қаңтарда Абу-Дабиде сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Біріккен әмірліктер үкіметаралық комиссиясының 6-шы бірлескен отырысын өткізуге даярлық процесін талқылады.

БАӘ Мемлекеттік сыртқы істер министрі Қазақстан мен БАӘ арасындағы қатынастар дамудың жоғары деңгейінде екенін атап өтті.

Біріккен әмірліктердің жетекші даму институттарымен және қаржы ұйымдарымен өзара инвестициялық ынтымақтастық тақырыбы талқыланды. Атап айтқанда, әлемдегі ең ірі Абу-Даби Инвестициялық қорының басшылығымен келіссөздер жүргізілді.

Абу Даби даму қорының (ADFD) және Дубай инвестициялық корпорациясының (ICD) басшылығымен кездесу барысында тараптар Қазақстанмен «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында бірлескен индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іздеу және іске асыру бойынша ынтымақтастықты жалғастыру ниетін растады. 





Яндекс.Метрика