ҚР ИИДМБ

Жамбыл облысының Индустрияландыру картасын 2014 жылдан бері 16 инвестициялық жоба толықтырды

2014 жылдан бері Жамбыл облысының Индустрияландыру картасы 16 инвестициялық жобаға толықты, осы ретте 1654 жұмыс орны ашылды, бұл жөнінде облыс әкімі Кәрім Көкрекбаев «Нұр Отан» партиясының Жамбыл облыстық филиалының XVIII кезекті есептік-сайлау конференциясы барысында айтты.
Жамбыл24 Қараша , 11:57

Өңір басшысы Мемлекет басшысының дәстүрлі Жолдауларында қойылған міндеттердің орындалуы ерекше бақылауда екенін атап өтті.

«Ағымдағы жылғы 10 ай қорытындылары бойынша өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындар өндірісінің көлемі 279 миллиард теңгені құрады. 2014 жылдан бері Индустрияландыру картасы 57,9 млрд теңге сомасына 16 инвестициялық жобаға толықты, 1654 тұрақты жұмыс орны ашылды», — деп атап өтті Кәрім Көкрекбаев.

Сондай-ақ ол екі жыл ішінде ауыл шаруашылығы секторындағы өндіріс көлемі 218,7 млрд теңгеге дейін ұлғайғанын айтып өтті. Ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 191,3 миллиард теңгені құрады.

Бұдан бөлек, әкімдіктің ақпараты бойынша, шағын және орта бизнес саласында бүгін 60 мың кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді, 120 мыңнан астам адам жұмыспен қамтамасыз етілген, 649,2 миллиард теңгеге тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірілген. 




Яндекс.Метрика