«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

«Нұрлы жол»: Алматы облысында 600 орынға арналған мектеп салынып жатыр

Алматы облысының Талғар ауданында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 600 орынға арналған жаңа мектеп салынуда, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Алматы24 Қараша , 11:36

Талғар ауданында «Нұрлы жол» бағдарламасымен жаңа мектеп салынып жатыр. Үш ауысымда оқыту мәселесін шешетін бұл білім ошағы келесі оқу жылында Белбұлақ ауылында бой көтеретін болады.

Қазіргі кезде ауылдағы қолданыстағы мектепте 566 бала оқиды. Оқушылар санының тұрақты өсуіне байланысты әзірге үш ауысыммен оқытылуда. Оған қоса 200-ге жуық бала жақын жердегі ауылдарға барып-келіп оқиды. Осы мәселенің түйінін тарқату мақсатында биылғы жылдың мамыр айында 600 орынға арналған қосымша ғимараттың құрылысы басталған болатын. Бұл ғимарат келесі жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

«Бүгінгі күні Белбұлақ ауылындағы мектептің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Алдағы уақытта білім мекемесімен тек жергілікті балаларды ғана емес, көрші ауылдардағы балаларды да қамтуды жоспарлап отырмыз. Бұл өз кезегінде үш ауысымды оқыту мәселесін шешуге ықпал етеді», - деді Талғар ауданының әкімі Р. Садықова. 




Яндекс.Метрика