Халықаралық интеграция

Алматы және Кипр туристік сервис саласында тәжірибе алмасуда

Кипрдің туристік сервистен жиған тәжірибесі мол және бізге барынша қызық, - деді Алматы әкімі Бауыржан Байбек Кипр Республикасының Ресей Федерациясы мен Қазақстандағы Елшісі Георгиос Касулидиспен кездесу барысында.
Алматы қаласы24 Қараша , 11:14

Қала әкімдігінде хабарланғандай, тараптар сауда-экономикалық, мәдени- гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту және туризм саласында тәжірибе алмасу мәселелерін сөз етті.

«Алматыда 150-ге жуық сәулет, тарих, мәдени ескерткіштер бар. Қазақстанның ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұрағатына енген сегіз нысанның төртеуі, соның ішінде Талхиз қаласы мен Тамғалы таңбасы бар қырлы тастар оңтүстік астана аймағында. Қазақстан 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 56 мемлекеттің азаматтары үшін визасыз режим кестесін одан әрі кеңейтеді. Бұдан өзге Алматыда Бүкіләлемдік қысқы Универсиада өтеді. Кипрдің туристік сервистен жиған тәжірибесі мол және бізге барынша қызық», - деді Б.Байбек.

Мегаполис басшысы екі жақты сауда-экономикалық байланыстың жоғары әлеуетін да атап өтті. Мысалы, 2016 жылғы қарашада қалада 44 біріккен және 147 кипрлік кәсіпорын тіркелген.

«Алматы ел экономикасының бес бөлігін құрайды, бұл бизнес пен шикізатсыз жеке капитал қаласы. Мұнда халықаралық ұйымдар мен трансұлттық компаниялардың 60 кеңсесі, банк офистерінің 90%-дан астамы орналасқан. Инвесторларға қолдау көрсетудің кешенді шаралары жүзеге асуда», - деді қала басшысы.

Кипр Елшісі өз кезегінде табиғи ресурстар мен білім беру және басқа да салалар бойынша байланысты одан әрі нығайтуға ынталы екендерін айтты. Г.Касулидис тікелей әуе қатынасын ашудың уақыты келгенін де сөз етті, бұл екіжақты туристер легіне оң ықпал ететінін жеткізді. Ол өзінің сөзінде Алматының сұлу қала әрі табиғатының тым көркем екенін тамсана айтты. Ал бұл туристерге барынша тартымды.




Яндекс.Метрика