Халықаралық интеграция

Н. Нығматулин Санкт-Петерборда Ә. Бөкейхановтың ескерткіш мүсінінің ашылуына қатысады

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Санкт-Петерборда Әлихан Бөкейханұлының ескерткіш мүсінінің ашылуына қатысады, деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісі.
Әлемде24 Қараша , 09:56

Салтанатты шара Таврический сарайында ТМД ПАА штаб-пәтерінде өтеді. Осында 24-25 қарашада ТМД ПАА және ҰҚШҰ ПА шаралары өтеді деп жоспарланған.  

Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған мәжілісмендер сондай-ақ, ТМД ПАА 45-ші пленарлық отырысына қатысады. Онда әлеуметтік үлгідегі заңдар топтамасы талқыға түспек. Сондай-ақ, қауіпсіздік, соның ішінде, экстремизм мен терроризм  мәселелері де назардан тыс қалмайды.   

Сапар аясында Нұрлан Нығматулиннің ҰҚШҰ ПА жиынында сөз сөйлеуі және Әзербайжан, Қырғызстан, Ресейден келген әріптестерімен екіжақты кездесулер жоспарланған. 




Яндекс.Метрика