Евразиялық одақ

ЕАЭО елдерінде астық өндірісі 2017 жылы 140 млн тоннаға дейін ұлғаяды

Сочиде (Ресей) Дүниежүзілік астық форумында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Агроөнеркәсіп саясаты департаменті директорының орынбасары Роман Ромашкин Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) дүниежүзілік астық нарығындағы рөлінің күшейгенін атап өтті.
Әлемде24 Қараша , 10:17

«АӨК дамытудың жалпы одақтық болжамына сәйкес 2017 жылы Одақтағы астық өндірісі 140 млн тоннаға дейін, экспорт 40 млн тоннаға дейін өседі. ЕАЭО елдерінің негізгі астық дақылдары бойынша ішкі қажеттіліктерді өтейді», -  деп атап өтті Р. Ромашкин

Сондай-ақ, ЕЭК баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, форумға қатысушылар астық өндірісінің өсу мүмкіндігін, жаһандық трендтердің дүниежүзілік астық нарығына әсерін, озық технологияларды енгізу, астық кешені инфрақұрылымын жетілдіру мәселелерін талқылады.

ЕЭК Департаменті директорының орынбасары Комиссияның зерттеудің басым бағыттары бойынша бірлескен ғылыми-инновациялық қызмет аясындағы, сондай-ақ агроөнеркәсіп саласында Еуразиялық технологиялық тұғырнамалардың жұмыс істеуі аясындағы жұмысты үйлестіруге дайын екенін хабарлады.




Яндекс.Метрика