Халықаралық интеграция

Қазақстан Женевада өткен қайырымдылық жәрмеңкесінде ел тарихын таныстырды

Женева қаласында БҰҰ Ұлттар сарайында Біріккен Ұлттар Ұйымының қамқорлығымен жыл сайынғы халықаралық қайырымдылық жәрмеңкесі өтті, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.
Әлемде 24 Қараша, 09:34

Іс-шара Женевада аккредиттелген дипломатиялық корпус, сондай-ақ жергілікті тұрғындар үшін маңызды мәдени оқиға болып табылады. Шараның ашылуында БҰҰ Женевадағы бөлімшесінің бас директоры Майкл Меллер сөз сөйледі. 

Жәрмеңкеге қатысушылар мен оның қонақтары онда ұсынылған барлық елдердің мәдениетімен, дәстүрлерімен және әдет-ғұрыптарымен танысуға мүмкіндік алды.

Қазақстан Республикасының Женевадағы тұрақты өкілдігі БҰҰ қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастыру мен өткізуге де қатысты. Қонақтардың назарларына Қазақстанның ұлттық тарихы мен мәдениеті, негізгі халықаралық бастамалары туралы жан-жақты ақпаратты қамтитын баспа материалдары ұсынылды.

СІМ БҰҰ іс-шарасы барысында жиналған қаражат әлемнің әр түрлі елдеріндегі мұқтаж балаларға көмек ретінде қайырымдылық акцияларына бағытталатынын атап өтті. 





Яндекс.Метрика