Өңірлер

Ақмола облысында студенттер үшін 310 орынға арналған жатақхана ашылды (ФОТО)

Ақмола облысында Ш. Уәлиханов атындағы КМУ студенттері үшін 310 орынға арналған жатақхана ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Ақмола 24 Қараша, 09:13

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнін, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау қарсаңында біздің өңірімізде жаңа объектілер ашылуда. Біздің мемлекеттік университетіміз үлкен жетістіктерге жеткені, еліміздің үздік жоғарғы оқу орындарының бірі ретінде танылғаны және барлық бағыттарда жетілуін жалғастырып келе жатқаны баршамызға белгілі»,  – деді облыс әкімі Сергей Кулагин.

Әкімдіктің ақпараты бойынша, осы жобаның жалпы құны 524 млн теңгені құрайды. Ауданы 5 мың шаршы метрден астам бес қабатты жатақхана 310 адамға арналған. Екі орынды және үш орынды заманауи бөлмелерде барлық қажетті жиһаз, интернетке қолжетімділік бар. Бұдан бөлек, ғимаратта акт залы, 80 орынға арналған асхана және теледидармен және жұмсақ жиһазбен жарақтандырылған демалу бөлмесі бар. 





Яндекс.Метрика