Халықаралық интеграция

Оңтүстік Қазақстан және Түркия туризм саласында тәжірибе алмасады

Оңтүстік Қазақстан Түркия өкілдерімен туризм саласында тәжірибе алмасады, деді облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Түркияның мәдениет және туризм министрлігінің өкілдері Джеззим Оздемирмен, Мурат Озенмен және Түркиядағы турагенттіктер қауымдастығының өкілі Чери Эрдалмен кездесу барысында.
Южно-Казахстанская область23 Қараша , 20:23

Басқосуда өңір басшысы облыстың туристік әлеуетінің жоғары екенін айтып, түркиялық туризм саласы білгірлерінің бұл салада мол тәжірибесі барын жеткізді.

«Біз туысқан түрік ағайындармен тәжірибе алмасуға ниеттіміз. Өйткені, Түркияда соңғы уақытта туризм саласы жақсы дамып келеді. Мысал келтірсек, кейінгі жылдары Түркияға 40 млн. турист келген. Анталия мен Аланияның өзінде инфрақұрылымы жолға қойылған және қызмет көрсету деңгейі жоғары 1500-ден астам үш жұлдызды, төрт жұлдызды және бес жұлдызды қонақ үйлер бар. Сондықтан, бізге олардың тәжірибесін пайдалану керек», - деді әкім.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы туристік фирмалардың қызмет көрсету деңгейін жақсарту үшін апталық оқу курсын өткізуге келген түрік делегациясы туристік операторлардың біліктілігін жетілдіру, мейрамхана бизнесіне баулу және қонақ үй менеджментіне үйрету тақырыптарынан тұратын үш кезеңді шеберлік дәрістерін өткізбек. Оған 70-тен астам туризм саласындағы мамандар қатысады.  




Яндекс.Метрика