Ұлттың денсаулығы

ШҚО-да 80 орынға арналған оңалту орталығы ашылады

Зыряновск ауданында ашылатын жаңа Оңалту орталығында мүмкіндігі шектеулі адамдарға медициналық және психологиялық көмек көрсетілетін болады, деп хабарлады ШҚО Ақпарат орталығы.
Шығыс Қазақстан 23 Қараша, 19:12

Мекеме 80 төсек орнына арналған. Онда тірек-қозғалыс жүйесінің функциялары бұзылған, жүйке жүйесі, буын аурулары бар адамдар емделе алады. Мекеме өз есігін ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында ашпақ.

Медициналық мекеме емдік-диагностикалық кешендермен, тренажерлердің түрлерімен, аспалы жүйемен, интервалды вакуумдық терапия аппаратымен, массажды ванналармен жарақтандырылған. Сондай-ақ психологиялық, емдік дене шынықтыру, физиоемдеу бөлмелері, хауыз және бассейн бар. 





Яндекс.Метрика