Энергияның балама көздерін дамыту

Ақтөбе облысы аудан орталықтарының 715 мың тұрғыны газбен қамтамасыз етілді

Ақтөбе облысында барлық аудан орталықтары газдандырылды және ұзындығы 316,8 шм құрайтын тағы 12 жоба іске асырылады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Ақтөбе23 Қараша , 18:16

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде Ақтөбе облысында халықтың әл-ауқатын жақсарту, атап айтқанда, елді мекендерді газдандыру бойынша шаралар қабылданып жатыр. Қазіргі уақытта облыс әкімдігі «ҚазТрансГаз» АҚ-мен жасаған меморандумның арқасында өңірде барлық аудан орталықтары газдандырылды, 715 мың тұрғын көгілдір отынмен қамтамасыз етілді.

Меморандумға сәйкес, құны 14,3 млрд теңгені құрайтын 12 жоба іске асырылады.

Халықтың 92%-ы газбен қамтамасыз етілді. Осы инвестициялық жобаны іске асыруға компания 6 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Тапсырылған объектілер 6 мыңнан астам аудан тұрғындарын, 1300 жеке тұрғын үйді және 59 коммуналдық-тұрмыстық және әлеуметтік нысанды үздіксіз газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 




Яндекс.Метрика