Халықаралық интеграция

Ақтауда Жібек жолы елдері арасындағы кедендік ынтымақтастық мәселелері талқылануда

Маңғыстау облысында Жібек жолы елдерінің арасындағы саудаға жәрдемдесу және жеңілдетудің Кедендік әкімшіліктердің 7-ші халықаралық форумы жұмысын бастады.
Маңғыстау 23 Қараша, 17:53

Отырысты ашқан Госман Амрин Қазақстан әлемдік экономикалық және интеграциялық процестердің тең құқылы қатысушысы ретінде халықаралық сауданың дамуына, бизнес саласындағы бісекеге қабылеттіліктің жоғарлауына, кедендік органдардың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған белсенді шаралар атқарып жатқандығын атап өтті.

Форумда Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев сөз сөйледі. Ол қатысушыларға аймақтың саудалық және тасымалдық әлеуеті туралы айтып берді. Нақты Ақтау теңіз порты мен салынып жатқан Құрық теңіз портының қазіргі және болашақтағы мүмкіндіктері туралы баяндады.

Жиынға қатысушылар өз елдерінің кедендік әкімшілендіруді оңтайландырудың түрлі механизмдерін қолданудың, Өкілетті экономикалық операторларды мойындау және алдын-ала ақпарат беру саласындағы тәжірибелерімен бөлісті.

Отырыстың бірінші бөлігін қортындылай келе, Госман Амрин Жібек олы елдерінің кедендік органдары кедендік процедураларды оңтайландыруға маңызды назар аударатындығын айтты.

Бұл кедендік заңнаманы бірігейлендіру, өткізу пунктерін заманауи техникамен жабдықтаумен, сондай-ақ әлемдік саудаға жәрдемдесу бойынша кедендік органдардың белсенді іс-қимылымен байланысты. 

Жиынның қортындысында Ақтау декларациясы қабылданады деп күтілуде.

 





Яндекс.Метрика