Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Интернет 2G Қазақстанның барлық аумағы бойынша пойыздарда қолжетімді болады

«Сандық Қазақстан» бағдарламасы аясында пойыздардың қозғалыс желісі бойында 2G (сымсыз телефондық технология) өткізіледі, деп хабарлады ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығының қорытындылары мен жетістіктерін талқылау жөніндегі арнайы жоба аясында ҚР Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтындағы сараптамалық кездесу барысында.
Нұр-Сұлтан23 Қараша , 15:58

«Біз тәуелсіздік жылдары ішінде барлық жерлерде байланыс желісін өткіздік. Бұл байланысты сандық еттік, ұялы байланыс орнаттық, үлкен қалаларда 4G бар, барлық аудан орталықтарында  3G бар. Біз одан әрі дамып келе жатырмыз және «Сандық Қазақстан» бағдарламасы аясында темір жолдардың бойында 2G өткіземіз, ол қазір әзірленіп жатыр», - деп мәлімдеді министр.

Сондай-ақ министр деструктивті сайттарды жабу мәселесіне де тоқталды.

«Қазір деструктивті әсер етуге бағытталған сайттар жабылып жатыр. Біз заң аясында жұмыс жасаймыз»,-  деп атап өтті ведомство басшысы.

Өз кезегінде,  ҚР Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Карин министрлікті жас ұрпаққа теріс әсер ететін сайттарды жабуға көбірек көңіл бөлуге шақырды.

«Шет елдерде кейбір сайттар жабылған, ал бізде әлі жұмысын жалғастыруда. Сондықтан министрлікті теріс әсер ететін сайттардан жастарды алыстатуға шақырамын», - деді сарапшы.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика