Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Д. Абаев: 2017 жылдан бастап барлық шетелдік телеарналардың ҚР-да өкілдіктері болуы қажет (ФОТО)

2017 жылдан бастап ҚР аумағында көрсетілетін барлық шетелдік телеарналардың Қазақстанда өкілдіктері болуы қажет. Бұл жөнінде ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығының қорытындылары мен жетістіктерін талқылау жөніндегі арнайы жоба аясында ҚР Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтындағы сараптамалық кездесу барысында айтты.
Астана қаласы 23 Қараша, 15:34

«Келесі жылдан бастап әрбір шетелдік телеарнаның Қазақстанда ресми өкілдігі болуы тиіс болатын норма қолданысқа енгізіледі», - деп мәлімдеді министр.

Ведомство басшысы әр түрлі арналардың, соның ішінде шетелдік арналардың өкілдіктерінің басшыларымен күз бойы келіссөздер жүргізгені туралы хабарлады. Бұл норма заң жүзінде бекітілді. Оған қоса, шетелдік арнаның өкілі Қазақстанның азаматы болуы тиіс.

Сонымен бірге, Д. Абаев елімізде шетелдік телеарналардың көрсетілуіне тыйым салу көп сұрақ туғызатынын түсіндірді.

Индира Қауметова

Сурет Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика