Парламент

Мәжілісте шетелдіктерге жер сатуға мораторийді ұзарту мақұлданды

Парламент Мәжілісінің депутаттары «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 маусымдағы Заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.
Нұр-Сұлтан23 Қараша , 13:58

«Осы заң жобасы ҚР Президентінің 2016 жылғы 18 тамыздағы Жарлығын орындау үшін әзірленді. Бұл Жарлық қоғамның кейбір жер мәселелерін талқылауына байланысты қабылданған болатын, оған сәйкес мерзімді ұзартуға мораторий қабылданды. Жуырда мораторий мерзімі ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейін белгіленген тиісті заң жобасы қабылданды. Жер комиссиясының жұмысы барысында арнайы қор құру туралы, қажетті өзгерістер енгізу туралы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жерлерінің тиісті кадастрлық құнын қалыптастыру бойынша шешім қабылданды. Біздің ұсынысымызды ҚР Президенті қолдап, осы заң жобасында қолданыстағы мораторийді 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін тағы 5 жылға ұзарту ұсынылады», - деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов.

Заң жобасының негізгі мақсаты «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтата тұру болып табылады.

Атап өтейік, Мәжілістің барлық Комитеттері осы заң жобасы бойынша оң қорытынды берді, жұмыс тобының 2 отырысы және негізгі комитеттің кеңейтілген отырысы өткізілді.




Яндекс.Метрика