Парламент

Мәжілісте қарсы барлау қызметі туралы заң жобасы мақұлданды

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Қарсы барлау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бірінші оқылуында мақұлдады.
Нұр-Сұлтан23 Қараша , 13:36

«Қарсы барлау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің 2016 жылғы 10 маусымдағы отырыс хаттамасын орындау үшін әзірленді.

Жобада қарсы барлау қызметінің қағидаттары мен міндеттері, Қазақстан Республикасы Президентінің осы саладағы өкілеттіктері, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың тізбесі, олардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ пайдаланылған негізгі түсініктер айқындалған.

«Бүгін біз бірқатар елдердегі тұрақсыздық пен дауларға, халықаралық терроризмге, алып державалар арасындағы сенімнің төмендеуіне байланысты көптеген сыртқы факторлардың ықпалын бастап кешіріп отырмыз. Осыған орай, қарсы барлау органдарына сыртқы қауіп-қатерлерді уақтылы анықтау және олардың алдын алу жөніндегі міндеттерді шешуге тура келеді. Осы заң жобасы қарсы барлау қызметін құқықтық реттеуді одан әрі жетілдіруге бағытталады», - деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев заң жобасын таныстыру кезінде.

Сондай-ақ, қарсы барлау қызметінің материалдарын пайдалану, оларды сақтау және жою тәртібі, халықаралық ынтымақтастық, қарсы барлау қызметін ақпараттық қамтамасыз ету және құжаттандыру мәселелері анықталды. 




Яндекс.Метрика