Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Ақмола облысында 10,3 млрд теңге жария етілді

Ақмола облысында мүлік пен ақшалай қаражатты мемлекеттік жария ету барысында 47 банк шоты ашылып, 10,3 млрд теңге жария етілді, деп хабарлады Ұлттық банктің Ақмола филиалының директоры Бектұрған Бозтериев облыстың өңірлік коммуникациялар қызметінде.
Ақмола23 Қараша , 15:17

Брифинг жұмысына Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, Көкшетау қаласы әкімдігінің қызметкерлері, Ұлттық банктің Көкшетау қаласы бойынша филиалының, БАҚ өкілдері қатысты.  

«2016 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан ақшалай қаражатты жария ету бойынша 5416-дан астам арнайы банк шоты ашылды. Осы шоттарға  2 207,7 млрд теңге салынды, соның ішінде Ақмола облысы бойынша 47 банк шоты ашылып, 10,3 млрд теңге жария етілді», – деді Ұлттық банктің Ақмола филиалының директоры Бектұрған Бозтериев.

Бұдан бөлек, Көкшетау қаласы бойынша 1 млрд 909 мың теңге сомасына 196 тұрғын үй нысаны, 650 тұрғын үй емес нысан, 176 коммерциялық нысан жария етілген.

Еске сала кетейік, мүлікті және ақшаны жария ету бойынша акция Қазақстанда 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін өткізіледі. Акцияға 31 банк және Ұлттық пошта операторы қатысады. 




Яндекс.Метрика