Қазақстанның Тәуелсіздігі

Парламент депутаттары ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясын қабылдады

Парламент депутаттары ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясын қабылдады, бұл шешімді Парламент палаталарының бірлескен отырысының қорытындылары бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин хабарлады.
Нұр-Сұлтан23 Қараша , 11:51

«Декларацияны қабылдау үшін Сенат депутаттары ішінен - 46 депутат, Мәжілістен 105 депутат дауыс берді. Қаулы қабылданды. Құрметті әріптестер, біз жаңа ғана ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясын қабылдадық. Бұл ерекше орны бар маңызды құжат, Қазақстан үшін, соның ішінде Парламент үшін маңызды шешім», -  деді Н. Нығматулин.

Мәжіліс спикері айтып өткендей, қабылданған Декларация – бүгінгі күннің тарихы және болашақ ұрпақ үшін құнды мұра.

«Құрметті әріптестер, осы тарихи құжаттың қабылдануымен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер»,  - деп қорытты Н. Нығматулин.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика