Қазақстанның Тәуелсіздігі

Депутаттар Н.Назарбаевтың есімін астанаға беруді ұсынды

Депутаттар ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін Қазақстан астанасына беру туралы ұсыныс жасады.
Нұр-Сұлтан23 Қараша , 11:39

«Декларацияда Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін астанамыздың атауында көрсету әбден лайық», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев. 

Мәжіліс депутаты өз баяндамасын оқи отырып, Қазақстан ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күшті әрі дана басшылығымен миллиондаған қазақстандықтың қайсар әрі үздіксіз еңбек етуінің арқасында қалыптасқанын атап өтті.   

«Декларацияда Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президентінің рөлін бекіту туралы ұсыныс әбден орынды. Мемлекет басшысы бірінші күннен бері жеке бизнесті нарықтық экономиканың басты факторы ретінде қолдап келеді», - деп атап өтті ол.

Бұрын мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов та Президент есімін астанаға және еліміздің басқа да маңызды нысандарына беруді ұсынған болатын.




Яндекс.Метрика