Басқару

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ көп салалы қызмет көрсету орталығын ашты

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ғимаратында «Көп салалы қызмет көрсету орталығының» (КСҚКО) салтанатты ашылуы өтті.
Нұр-Сұлтан23 Қараша , 16:38

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ақпараты бойынша, КСҚКО негізгі мақсаты – бухгалтерлік, салықтық және кадр қызметін ықпалдастыра отырып оны тиімді, жедел жүргізуді көздейді. Ол арқылы ұйымдастыру шараларына кететін шығындарды оңтайландырып, есепшілік және HR- менеджерінің бизнестік іскерлік шешім қабылдауын қолдайды.

«Мұндай орталықтың ашылуы негізінен Компанияның шығынын азайтудан туындады. Бухгалтерлік тіркеу, құқықтық және кадрлық қызмет көрсетуге қыруар уақыт кететін болса, енді бір орталықтан орындалу мерзімін де үнемдеуге болады», - деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ қаржы жөніндегі вице-президенті Мақсат Қабашев.

Белгіленген бағыттар бойынша сараптамалық жұмыстар жасалып, КСҚКО тұжырымдамасы түзіліп, Астананы қосқанда, Магистральдық желі орналасқан 12 өңірде аймақтық орталықтар ашылмақ.

Аталмыш жоба «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның басқарудың жаңа жетілген түрін өндіріске енгізудің стратегиясы негізінде жүзеге асырылады. Осылайша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасы жобасын жүзеге асырудың алғашқы нәтижесі шығарылды.

Атап өтерлігі, ҚТЖ осы қадамы арқылы компаниядағы бизнесті трансформациялау бағдарламасын кешенді түрде ықпалдасқан бизнес шешімдермен жүзеге асырады.




Яндекс.Метрика