Қазақстанның Тәуелсіздігі

Тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістіктері әрбір қазақстандықтың еңбегінің арқасында жүзеге асты – депутат

Тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістіктері мен жеңістері ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күшті әрі дана басшылығымен әрбір қазақстандықтың қайсар әрі үздіксіз еңбек етуінің арқасында мүмкін болды. Бұл жөнінде Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы барысында айтты.
Нұр-Сұлтан23 Қараша , 11:07

«ҚР Парламенті тәуелсіздікті біздің еліміздің ұлы құндылығы ретінде қабылдай отырып, ҚР Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық бағытын ұстанып,  Қазақстанның тәуелсіздіктің 25 жылы ішіндегі жетістіктерінің декларациясын қабылдайды. Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы – бұл Қазақстан халқының ауқымды тарихи жетістіктерінің ашық символы», - деді депутат бірлескен отырыс барысында.

Қ. Сұлтанов өз сөзінде тәуелсіздіктің 25 жылы Қазақстан үшін ілгерілеу мен тұрақты даму дәуіріне айналғанын атап өтті.

«Қазақстан өз тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде жетістікке жетудің бірегей тәжірибесіне ие, қарқынды дамып келе жатқан экономикасы бар саяси тұрақты мемлекет ретінде қалыптасты. Тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістіктері мен жеңістері ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күшті әрі дана басшылығымен әрбір қазақстандықтың қайсар әрі үздіксіз еңбек етуінің арқасында мүмкін болды», - деп қосты Қ. Сұлтанов.

Мәжіліс депутаты «Мемлекет басшысының ойластырылған әрі жемісті халықаралық бастамаларының арқасында еліміз жоғары халықаралық беделге қол жеткізгенін, ядроға қарсы жаһандық қозғалыс көшбасшысына айналғанын» атап өтті. 




Яндекс.Метрика