ҚР Тұңғыш Президентінің Күні

Киевте украиналық публицисттің Қазақстан туралы кітабының тұсаукесері өтті

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні қарсаңында, сондай-ақ Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау аясында Киевте Украинаның Ұлттық ғылым академиясында «Орталық Азиялық барыс» кітабының тұсаукесері өтті.
Астана қаласы 23 Қараша, 12:54

ҚР СІМ хабарлағандай, кітапты Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің қолдауымен украиналық публицист, Қазақстан-Украина қатынастары мемлекетаралық институтының директоры Николай Степаненко әзірлеген.

Автор өз еңбегінде егемен Қазақстанның қалыптасу кезеңдеріне, мемлекеттің даму стратегиясына баса назар аударған.

Кітапта қазақстандық-украиналық ынтымақтастық болашағына ерекше көңіл бөлінуде.

Қазақстанның Украинадағы елшісі Самат Ордабаев өз сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың егемен Қазақстанның қалыптасуындағы рөлін атап өтті.

Іс-шараға украиналық қоғамның белгілі өкілдері қатысты. 





Яндекс.Метрика