Экономикалық және сауда дипломатиясын дамыту

2013 жылдың I жарты жылдығында Қазақстан мен Австрияның тауар айналымы 2 млрд долларды құрады

Австрияда Қазақстан-Австрия Іскерлік кеңесінің 2 отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Сауда-өндірістік палатасының баспасөз қызметі.
Әлемде10 Желтоксан , 09:14

Австрия жағын 30-дан астам компания құрайды. Олардың дені машинақұрылысы, мұнай-химия, құрылыс, энергетика, ауыл шаруашылығы, қаржы мен инвестиция және туризм секілді өзге де салаларда қызмет етеді.

Қазақстан тарапын өнеркәсіп, мұнай-газ саласы, энергетика мен баламалы қуат көздері, машина құрылысы, ауыл шаруашылығы және инвестиция салаларындағы ұлттық компания өкілдері таныстырды.

«Кездесу барысында тараптар әріптестік болашағы, қос елдегі инвестициялық климаттың жай-күйі сөз болып, екі жақтың қызметі мен өнімдері таныстырылды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар «Б2Б» түріндегі іскерлік кездесу өткізді.

Айта кету керек, Австрия Қазақстанның бірден бір сауда әріптесі болып табылады.

Сонымен қатар, 2013 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында екі ел арасындағы тауар айналымы 2,032 млрд долларды құраған.

Естеріңізге сала кетейік, Австрияның Вена қаласыдағы Федералды экономикалық палатасында сауда-экономикалық әріптестік бойынша біріккен үкіметаралық комиссия жұмысының аясында өтті.

 




Яндекс.Метрика