Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Армения мәдениет саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

Қазақстанның Армениядағы елшісі Тимур Оразаев Арменияның мәдениет министрі Армен Амирянмен Ереванда кездесу барысында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Әлемде 23 Қараша, 12:31

Кездесу барысында Т. Оразаев Қазақстанның халықаралық бағдарламалары мен бастамалары туралы толық айтып берді, А. Амирянды тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды ҚР СІМ.  

«Тараптар әңгіме барысында екіжақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты талқылап, қарым-қатынастардың өзара түсіністік, сенім және тарихи әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді құрметтеу рухында дамып келе жатқанын атап өтті. Мәдениет және өнер, тарих, мұражай және кітапхана ісі саласындағы ынтымақтастық бойынша нақты қадамдар туралы пікір алмасу өтті», - делінген хабарламада.

Т. Оразаев екі елдің орталық кітапханалары ұйымдастырған Еревандағы қазақстандық кітаптар бұрышының ашылуы туралы айтып өтті. Сондай-ақ, тараптар өзара негізде «Мәдениет күндерін» ұйымдастыру мүмкіндігін талқылады.

Кездесу соңында Қазақстанның елшісі мен министр қазақстан-армян мәдени ынтымақтастығын нығайту үшін тұрақты жұмыс байланысын қолдау туралы келісті. 





Яндекс.Метрика