Қазақстанның Тәуелсіздігі

ШҚО-да «25 жұлдызды күн» акциясы аясында 100-ден астам іс-шара өтеді

«25 жұлдызды күн» ауқымды акциясы Өскемен қаласында бастау алды
Шығыс Қазақстан23 Қараша , 14:56

2016 жылдың басты күніне дейін Шығыс Қазақстан облысында тақырыптық іс-шаралар, концерттер мен көрмелер, әлеуметтік нысандардың ашылуы өтеді, деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығы.

«25 жұлдызды күн» акциясы қазақстандықтарда мемлекеттілік, тәуелсіздік құндылықтарын нығайтуға, патриоттық сезімді қалыптастыруға бағытталған. 

«25 жұлдызды күн» акциясы аясында әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушылары «I LOVE KZ» атты өз акциясын бастады. 

Бүгінгі күн «Мемлекеттік шекара» деп аталады. Барлық іс-шаралар жастарда патриоттық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.

Кейінгі күндері олимпиадалар, концерттер, халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар, шығармашылық конкурстар, кітап көрмелері өтеді.   

1 желтоқсанда мүмкіндігі шектеулі балалар үшін «Ақниет» пансионатының және Президент кітапханасы филиалының ашылуы Шығыс Қазақстан үшін маңызды оқиғалар болмақ. 

16 желтоқсанда жас мамандар мен отбасыларға пәтер кілттері салтанатты түрде табыс етіледі. 




Яндекс.Метрика