Парламент

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясын қабылдау – Парламент палаталарының бірлескен отырысының күн тәртібіндегі сұрақ

Парламент палаталарының бірлескен отырысының күн тәртібіне өте маңызды тарихи кезеңге арналған құжат ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясын қабылдау туралы сұрақ енгізілді, деді ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Астана қаласы23 Қараша , 10:27

«Екі палата төрағаларының атына екі палатаның депутаттары тобынан өтініш жолданды. Осыған байланысты, Парламент палаталарының бірлескен отырысының күн тәртібіне ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясын қабылдау туралы бір ғана сұрақ енгізілді. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясы өте маңызды тарихи кезеңге арналған құжат. Осы кезеңдегі барлық жетістіктер -  бұл Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегінің жемісі. Осы тарихи маңызды құжатты қарау Қазақстанның мерейтойының ерекше маңыздылығын білдіреді», - деді Н. Нығматулин.

Сондай-ақ спикер отырысқа ҚР Премьер-Министрі, ҚР Мемлекеттік хатшысы, Президент Әкімшілігінің басшысы, Конституциялық Кеңес, Жоғарғы сот және Орталық сайлау комиссиясының төрағалары, мемлекеттік органдардың басшылары, Президент Әкімшілігі, Премьер-Министр Кеңсесі аппараттарының жауапты қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысып отырғанын хабарлады.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика