ҚР Тұңғыш Президентінің Күні

Варшавада ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Астана Балет» концерті өтті (ФОТО)

Варшаваның Үлкен опера театрында ҚР Тұңғыш Президенті күніне және еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ҚР-ның Польшадағы елшілігінің қолдауымен «Астана Балет» шығармашылық ұжымы алғаш рет өнер көрсетті.
Әлемде 23 Қараша, 20:41

Қазақстанның Польшадағы елшісі Алтай Абиболлаев және Варшаваның Үлкен опера театрының директоры Вальдемар Домбровский қонақтарды құттықтау сөзімен қарсы алды. Шақырылғандардың арасында Польшаның Қоршаған ортаны қорғау министрі Ян Шышко, польшалық Парламенттің депутаттары, мемлекеттік органдардың, үкімет пен министрліктердің өкілдері, Қазақстанның Польшадағы құрметті консулдары бар. Зал балет өнерін бағалайтын 2 мыңға жуық көрерменге толы болды, деп хабарлады ҚР СІМ.

Польшалық көрермендер мен балетті бағалаушылар қазақстандық жас орындаушылардың кәсіптілігін жоғары бағалады.   

Көрермендердің айтуы бойынша, бұл шын мәнінде талантты ұжымның өнер көрсетуі Қазақстанның жаңа имиджін қалыптастыратын жағдай. Сондай-ақ көрермендер ұлттық мәдениеттің әлемдік классикамен және қазіргі заманмен шығармашылық үйлесіміне де таң қалды. 

Фото: ҚР СІМ 

 





Яндекс.Метрика