Басқару

Астанада ҚР қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері қарастырылды

Қорғаныс министрлігі мен Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі басшылығының бірлескен кеңесінде отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамытудың стратегиялық бағыттары талқыланды.
Нұр-Сұлтан 23 Қараша, 10:13

«Қорғаныс министрлігі отандық қорғаныс кәсіпорындарының өнімдері мен көрсетілетін қызметтерінің негізгі тапсырыс берушісі болып табылады. Әскеріміздің соғысқа қабілеттілігі мен жалпы мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігі әскери өнімнің сапасы мен уақтылы жеткізілуіне тікелей байланысты», - деп атап өтті Қазақстанның қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов.

Кеңес барысында заманауи қару-жарақ пен әскери техниканың жоғары технологиялық өндірістерін одан әрі құру мақсатында, қару-жарақтың негізгі түрлеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесі бойынша тұжырымдамалық ұсыныстар толық әзірленді, деп хабарлады ведомство.

Еске сала кетейік, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 350 Жарлығына сәйкес құрылған болатын. 





Яндекс.Метрика