Ұлттың денсаулығы

Жамбыл облысында бұқаралық спортты дамытуға 143,9 млн. теңге бөлінді

Жамбыл облысында бұқаралық спортты дамытуға 2016 жылы 143,9 млн. теңге бөлінді, 2015 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 36,9 млн теңгеге артқан, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Гамлет Қайнарбеков өңірлік коммуникациялар қызметінде.
Жамбыл 23 Қараша, 09:54

Оның ақпаратынша, бүгінгі күнде облыста 45 спорт мекмелері жұмыс атқаруда (26-аудандық спорт мектептері, 7- қалалық спорт мектебі, 7- спорт клубы, дарынды балалар мектеп-интернаты, олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығы, бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығы, жоғары спорт шеберлігі мектебі, спорт сарайы).

«Спорттың бұқаралығын арттырудың бірден-бір жолы – ол спорт инфрақұрылымдарын дамыту. Бұл ретте соңғы 2 жылда өңірде 5 спорт кешені салынып, пайдалануға берілді», - деді ол.

Г. Қайнарбеков хабарлағандай, жалпы, облыста спорт нысандарының саны 2015 жылмен салыстырғанда 9 бірлікке артып, 2022 нысанды құрады (1 спорт сарайы, 19 стадион, 15 спорт кешені, 665 футбол алаңы, 553 спорт залы, 664 спорт алаңшалары және 105 басқа да нысандар).

 





Яндекс.Метрика