Басқару

Е. Бахмутова «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрайымы болып сайланды

Елена Бахмутова «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрайымы болып сайланды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
Астана қаласы22 Қараша , 20:01

Әр жылдары Елена Бахмутова ҚР Ұлттық банкінің қаржылық бақылау департаментінің директоры, ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау агенттігінің төрайымы қызметтерін атқарды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды.

2012 жылдың қаңтарынан бастап Елена Бахмутова «Самұрық – Қазына» басқарма төрағасының орынбасары, 2016 жылдан бері басқарушы директор-басқарма мүшесі болып қызмет істеді, Қордың қаржылық тұрақтылығы, корпоративтік қаржы, инвестициялық және бюджеттік саясат салаларына жетекшілік етті.

Мемлекеттік және қоғамдық қызметі үшін «Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Астана» және «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медальдерімен марапатталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатын алған.




Яндекс.Метрика