Адами капитал

Астанада 2016 жылдың үздік волонтерлері марапатталды

ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев бүгінгі таңда волонтер болу шығармашыл және белсенді болып қана қоймай, сонымен қатар лайықты адам болу екенін атап өтіп, 2016 жылдың үздік волонтерлерін марапаттады.
Нұр-Сұлтан22 Қараша , 20:41

Тұңғыш Президент кітапханасында "Волонтер-2016" республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Байқаудың басты мақсаты - үздік волонтерлік ұйымдар мен жобаларды, сондай-ақ 2016 жылғы ерікті қызметі үшін волонтерлердің өздерін іріктеу және марапаттау.  

Жеңімпаздар еліміздің барлық өңірлерінен үш номинация бойынша 150 өтінімнің ішінен таңдалған болатын. Жалпы сыйлық қоры үш номинацияда 360 000 теңгені құрады. 1-орын үшін - 50 000 теңге, 2-орын үшін - 40 000 теңге, 3-орын үшін - 30 000 теңге.

Байқау комиссиясының шешімімен І орынды -  Аружан Құрымбаева, II орынды -  Сымба Рамадинқызы және III орынды Азиза Гүлмұратова жеңіп алды. 

«Біз барлық волонтерлерді осы жұмыста жеңімпаздар деп санаймыз. Олардың барлығы шын жүректерімен жұмыс істеді. Әрқайсыларыңыз мақтауға лайық жандарсыздар", - деп қосты ведомство басшысы.




Яндекс.Метрика