Парламент

Сенат комитетінде АЭХА-ның Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісім қаралды

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Қазақстан Республикасында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарады, - деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан 22 Қараша, 17:54

Келісімге 2015 жылғы 27 тамызда Астанада қол қойылдған болатын. Қаралып отырған Келісімнің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында АЭХА-ның Төмен байытылған уран банкін құру және жұмыс істеу мәселелерін регламенттеу болып табылады.

Төмен байытылған уран банкі атом электр станциялары үшін отын дайындауға арналған бастапқы материалдың резервтік қорын білдіреді. АЭХА өзінің бақылауында болатын және оның ресми түрдегі заңдық иелігіндегі Банкте сақталып тұрған уранның иесі болады.

Қазақстан Республикасы АЭХА-ның мүшесі болып табылады және АЭХА шеңберіндегі халықаралық-құқықтық құжаттарға да, ядролық қауіпсіздік саласындағы конвенцияларға да қосылған.

Ірі уран өндіруші бола отырып, Қазақстан Республикасы бейбіт ядролық энергетиканы дамытуға және ядролық қауіпсіздікті арттыруға өз үлесін қосуға ниетті.

Қаралып отырған Келісімде АЭХА-ның Төмен байытылған уран банкін құру бойынша Тараптар арасындағы шығыстардыбөлу мәселелері; АЭХА-ның Төмен байытылған уран банкінің және АЭХА өкілдігінің құқықтық мәртебесі мен қол сұғылмаушылық мәселелері; қаржылық жеңілдіктер, салықтардан, алымдардан, баждардан, тыйым салулар мен шектеулерден босату мәселелері; АЭХА-ның Төмен байытылған уран банкінің жұмыс істеуіне байланысты қызметтер көрсетуді және көрсетілетін қызметтерді қамтамасыз ету мәселелері; жеке артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдалану, жекелеген адамдардың келуі және кетуі саласындағы мәселелер; артықшылықтарды теріс пайдалану мәселелері регламенттеледі.

Сондай-ақ Келісіммен АЭХА-ның Төмен байытылған уран банкін, АЭХА-ның Төмен байытылған уран қоймасын және АЭХА өкілдігін күзету, қауіпсіздік және физикалық қауіпсіздік, жауапкершілік және жауапкершіліктен босату, сондай-ақ дауларды реттеу тәртібі мен осы Келісімнің қолданылу мәселелері реттелген.

Құжат Палатаның қарауына жіберілді.

 





Яндекс.Метрика