Басқару

Астанада ЕҚЫҰ елдерінде мүмкіндіктері шектеулі және қарт адамдардың сайлау құқықтарын сақтау бойынша семинар өтті

Орталық сайлау комиссиясында халықаралық байқаушылар үшін «ЕҚЫҰ елдерінде мүмкіндіктері шектеулі және қарт адамдардың электораттық құқықтарын іске асыру жағдайын байқау ерекшеліктері» атты семинар-тренинг өтті.
Астана қаласы22 Қараша , 19:31

Семинар жұмысына Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалық офисінің, ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының, министрліктерінің және ведомстволарының, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.

Семинарға қатысушыларға арнап Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Хатшысы Б. Мелдешов және  Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалық офисінің басшысы Елші Дьердь Сабо мырза құттықтау сөз сөйледі.

«Бүгін біздің семинар-тренингіміз ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдерде мүмкіндіктері шектеулі және қарт адамдардың электораттық құқықтарының сақталуын байқауға арналған. ЕҚЫҰ-ның адами өлшемі жөніндегі Мәскеу кеңесінің 1991 жылғы 3 қазандағы құжатының 41-параграфында мүгедектігі бар адамдардың адами құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге, олардың қоғам өміріне толық қатысуына, оларға қатысы бар салаларда шешімдер қабылдауға мүмкіндік беруге, олардың қоғамдық ғимараттарға қол жеткізуі үшін қолайлы жағдайлар жасау міндеттері бекітілген. Бүгін біз осы ережені іске асырудың тетіктері, мүгедектер мен қарт адамдардың сайлау құқықтарының сақталуын байқауды ұйымдастырудың әдістері мен нысандары туралы айтамыз» - деп атап өтті Б. Мелдешов іс шараға қатысушыларға арналған сөзінде.

ҚР ОСК мүшесі М.А. Сәрсембаев ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердегі мүгедектердің электораттық құқықтары жөніндегі заңдардың салыстырмалы-құқықтық талдауының нәтижелерін ұсынды.

Сондай-ақ семинар шеңберінде ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының кеңесшісі Радивое Груич мырзаның «ЕҚЫҰ елдерінде мүмкіндіктері шектеулі және қарт адамдардың электораттық құқықтарының іске асырылу жағдайын байқаудың ерекшеліктері» тақырыбына тұсаукесері болды.

Молдова Республикасындағы мүгедектер мен қарттардың электораттық құқықтарының мәселелері бойынша ҚР ОСК аппараты Халықаралық қатынастар бөлімінің меңгерушісі А.Х. Арғынов сөз сөйледі.

«Ардагер» қоғамдық бірлестігінің өкілі Д.С. Жігітова сайлауға қарт адамдардың қатысуын қамтамасыз ету мәселелері жөнінде қатысушылармен өз көзқарасымен бөлісті.

Сонымен қатар семинар жұмысы барысында оған қатысушылар халықаралық ұйымдардың Миссияларының құрамында сайлауды халықаралық байқаудың ерекшіліктерін талқылады, Қазақстан өкілдерінің 2016 жылы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының құрамында сайлауды байқауға қатысуы тәжірбиесімен бөлісті.

Атап айтқанда, осы жылы Ресейдегі және Беларусь Республикасындағы болған парламенттік сайлауды байқау тәжірбиесі қарастырылды.

Тренинг соңында 2017 жылы Қазақстан Республикасынан ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының құрамында байқаушылардың қатысу практикасын одан әрі жетілдіру және дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасу болды.




Яндекс.Метрика