Адами капитал

Қазақстанда "Қазақстанда жасалған" ұлттық брендтерді басқару агенттігі құрылды

Отандық өнім нарығы қарқынды түрде дамып келеді, деді «Халық маркасы» Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау жүйесі федерациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Римма Тәжібаева «Қазақстанда жасалған» ұлттық брендтерді басқару агенттігін құруға арналған Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында.
Астана қаласы22 Қараша , 19:12

Оның айтуынша кеше ғана жастанған жастықтан, жайғасқан жиһазға дейін шекараның ар жағынан жеткізілетін.

«Бүгінгі жағдай бөлек. Қазақстандық кәсіпкерлер сұранысты саралап, ұсынысты қабылдап, тұтынушыға сапасы жоғары қол жетімді бағамен өз өнімін беруге әзір екенін дәлелдеп отыр», -деп Р.Тәжібаева баяндамасын жалғастырды.

Отандық өнімнің басын қосқан алаңның артықшылығы, сатушылар орынды жалға алу үшін ақы төлемейді. Тауарын  тегін қояды. Қазіргі таңда тауар айналым көлемі 30 миллионнан астам. Бүгінге дейін бұл павильонда 100 шақты компания өз орнын алып үлгерді. 10 мыңнан астам отандық тауардың үлгісі бар. Жоспарда 500 брендті тауар орналастыру. Сонда павильон 100 000 астам отандық тауарға толығады.

 «Қазір біз «ЭКСПО-2017» қарсаңында қаланың туристік картасына ендік, өйткені келуші қонақтардың бәрі, соның ішінде шетелдік азаматтар өазаөстандық өнімді іздейтін болады. Атлмыш картаға тек отандық өнімдер сататын сауда орындары енеді. Оған дейін 7 Duty Free маркеті ашылады»,- деп баяндады Р.Тәжібаева.

Оның айтуынша, «ЭКСПО-2017» көрмесіне орай, ұлттық брендтерді басқару агенттігінің «Халық маркасы» 100 брендті жасау бойынша жоба іске асады.    Оған атақты әртістер, спортсмендер және депутаттар қатысады деп жоспарлануда. Жаңа 100 қазақстандық бренд мынадай топтар бойынша ашылмақ: азық-түлік, жиһаз, үйге арналған жабдықтар, аяқ-киім, киім-кешек және т.б. 

Сондай-ақ, шара барысында Маңғыстау облысының қолдауымен, екі дүркін Олимпиаданың күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетовтің құрметіне «ZIBROO FOR АDOKA» балалар спорттық киімдерінің тұсаукесер-таныстыру  рәсімі өтті. Бұл бренд – «Қазақстанда жасалған» ұлттық брендтерді басқару агентігінің алқашқысы. Қазірдің өзінде 15 000 дана спорт киіміне тапсырыс түсіп отыр.




Яндекс.Метрика