Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Г.Әбдіқалықова: Әрбір қазақстандық мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті

Әрбір қазақстандық өз елінің патриоты болуы және мемлекеттік рәміздерді құрметтеуі тиіс, деді ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның кеңейтілген отырысы барысында.
Нұр-Сұлтан22 Қараша , 17:01

«Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі» атты жұлдызды 25 күн аясында өткен комиссия отырысына орталық және жергілікті атқарушы органдар басшылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал ғалымдар, мәдениет пен спорт өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында Мемлекеттік хатшы биыл жарқын тарихи оқиғаны – ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлап отырғанымызды атап өтті. Г.Әбдіқалықова Елбасының: «Біз тәуелсіздігіміздің рәміздерін қастер тұтуымыз қажет. Әр азамат Қазақстанның туын, елтаңбасын, гимнін құрметтеуге міндетті. Бұл – халқымыздың мақтанышы!» деген сөзін еске салды.

Комиссия отырысында Сыртқы істер, Ақпарат және коммуникациялар, Мәдениет және спорт министрліктерінің, сондай-ақ Алматы қаласы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары әкімдерінің есебі тыңдалды. Комиссия мүшелері мемлекеттік рәміздердің пайдаланылу тәжірибесі мен осы салада мемлекеттік рәміздердің қолданылу мәселелерін талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге нақты тапсырмалар берілді.




Яндекс.Метрика