Халықаралық интеграция

Алматыда өткен бизнес форумда Қазақстан мен Чехия кәсіпкерлері байланыс орнатты

Алматыда қала әкімі Баурыжан Байбектің және Чехия Республикасының Сыртқы істер министрі Любомир Заоралектің қатысуымен қазақстандық- чехиялық бизнес фрум өтті, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматы қаласы22 Қараша , 18:17

Шара барысында тараптар екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуды, екі ел кәсіпкерлерінің өзара байланысын нығайтуды сөз етті.

Алматы әкімі қаланың чехиялықтармен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты күшейтуге ынталы екендігін жеткізді.

«Алматы еліміз экономикасының бес бөлігін құрайды, бұл - бизнес пен шикізатсыз экономиканың жеке капиталы қаласы. Сервис пен сауда ЖӨӨ-нің 86%-ын құрайды, мұнда халықаралық ұйымдар мен трансұлттық компаниялардың 60-тан аса кеңсесі бар, банктер кеңселерінің 90%-ы да осында. Дүниежүзілік банктің «Doing Business» ретингінде Алматының көрсеткіші бойынша Қазақстан 35-орынды иеленді», - деді әкім.

Б.Байбек Чехия компанияларын импорт алмасуға қатысу үшін Алматыға шақырды.

«Бұл үшін бізде барлық қажетті жағдайлар жасалған, инвесторларға қолдау көрсету заң жүзінде жүзеге асады. Алматының арнайы экономикалық аймағындағы «Инновациялық технологиялар паркі» мен Индустриялық аймаққа қатысу екіжақты тараптар байланысын күшейтеді», - деді ол.

Л.Заоралек арнайы делегацияның Қазақстанға ат басын бұруының өзі чехтық кәсіпкерлердің осында бизнес жасауға ынталы екендігін көрсетеді деді.

«Біздің еліміз нано-технологияда жетекші орында және бағдарламалар жасау саласы дамыған. Ғылыми-зерттеу саласында ынтымақтастықты арттыру маңызды», - деді Чехия Республикасының сыртқы істер министрі.

Шара барысында екі ел кәсіпкерлері форумның негізгі бөлімінен соң өткен В2В кездесуінде нақты келісушіліктерге қол жеткізді.




Яндекс.Метрика