Ұлттың денсаулығы

Универсиада-2017 алау ұстаушыларын іріктеудің қорытынды кезеңі басталды (ФОТО)

Қазақстанда Универсиада-2017 алау ұстаушыларын іріктеудің қорытынды кезеңі басталды, ол 16 желтоқсанда аяқталады.
Алматы қаласы 22 Қараша, 20:23

Еске сала кетейік, алау ұстаушылар ғылым, мәдениет және спорт саласында жетістіктерге жеткен 17-28 аралығындағы студенттер бола алады. 

Іріктеудің 1-кезеңі 1 қыркүйекте басталып, республиканың жоғарғы оқу орындарын қамтыған еді. Университеттер өз өтінімдерін ішкі конкурс қорытындылары бойынша қалыптастырды. Екінші кезеңде шараға облыстық орталықтарда Эстафета өткізумен айналысатын өңірлік штабтар қосылды. Екінші кезең аясында алдыңғы Универсиадалардың жеңімпаздарынан тұратын жұлдызды қатысушылар құрамы анықталды, деп хабарлады Универсиада дирекциясы. 

Үшінші кезеңде www.torchrelay.kz сайтында әрбір қалаушы сауалнаманы толтырып, алау эстафетасына қатысуға өтінім бере алады. Осылайша, қалған бос орындарды толтыру жоспарланады. 

Алау ұстаушыларды іріктеу 16 желтоқсанда аяқталады. Республикалық комиссия бекіткеннен кейін тізімдер  www.torchrelay.kz сайтында жарияланады.

Алау эстафетасы 25 қаңтарда Астана қаласында бастау алып, әрбір облыс орталығында болады. Осыдан кейін 16 алау ұстаушы өз алауларын Универсиаданың ашылу рәсімінде біріктіру үшін оны Алматы қаласына жеткізеді. 





Яндекс.Метрика