Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Мәжілісте мәслихаттардың қызметін жетілдіру мәселелері талқыланды

«Нұр Отан» партиясының Фракциясы жанындағы Өңірлік саясат және мәслихаттармен жұмыс жөніндегі кеңес Мәжіліс депутаты Серік Сейдумановтың төрағалығымен «Ұлт жоспарының мәслихаттардың қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар бойынша 98-қадамын іске асыру туралы» мәселені қарастырды.
Нұр-Сұлтан22 Қараша , 16:47

ҚР Парламенті Мәжілісінде хабарлағандай, отырыста сөз сөйлеген ұлттық экономика вице-министрі Роман Скляр «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жөнінде баяндады.  

Ол атап өткендей, Бюджет, Салық және Азаматтық кодекстеріне, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жарнама туралы» ҚР заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

ЖӨБ бюджетінің салық түсімдерінен және салықтық емес түсімдерден тұратын кіріс көздері анықталды.

Р.Склярдың хабарламасы бойынша, ЖӨБ бюджетін аудан мәслихаты бекітеді, ал ЖӨБ бюджетінің атқарылуы ауыл әкімінің аппаратына жүктеледі.

Заң жобасымен Азаматтық кодекске және «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына нормалар енгізіледі, олар ЖӨБ коммуналдық меншігі түсінігін, осы меншікті қалыптастыру және басқару тәртібі айқындалады.

Заң жобасымен «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына аудан мәслихаттарына ЖӨБ бюджетін бекіту бойынша өкілеттіктер беру, ауыл әкімінің және оның аппаратының ЖӨБ бюджетін атқару және ЖӨБ коммуналдық мүлкін басқару бойынша өкілеттіктерін кеңейту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Сондай-ақ отырыста Астана, Қарағанды қалалары, Алматы облысы мәслихаттарының депутаттары сөз сөйледі.

Талқылау қорытындылары бойынша отырысқа қатысушылар тиісті ұсынымдар қабылдады.  




Яндекс.Метрика