Өңірлер

Петропавл қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындары 98,5 млрд теңгеге өнім өндірген

Петропавл қаласының өнеркәсіп кәсіпорындары 2016 жылғы қаңтар-қазанда шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс, үй шаруашылықтары секторын қоса алғанда 98,5 млрд. теңгеге өнімі өндірген, деп хабарлады СҚО статистика департаменті.
Солтүстік Қазақстан23 Қараша , 09:16

Облыстағы өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде қала үлесі 2016 жылғы қаңтар-қазанда 66,3% құрады.

Петропавл қаласының өнеркәсіп кәсіпорындарымен 2016  жылғы қаңтар-қазанда 98,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілді (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс, үй шаруашылықтары секторын қоса).

Салалық құрылым келесідей қалыптасты: өңдеу өнеркәсібі – 64,5 %, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау – 32,8%, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын, таратылуын бақылау – 2,7%.

Өңдеу өнеркәсібінде азық-түлік өнімдерін өндіруге 58,1% келеді (2015 жылы – 63,6%). Осы сала көлемінің 2015 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 7,8% өсуіне бидайдің ұсақ тартылған ұнның 51,6%, ұзақ сақталатын кондитерлік бұйымдардың – 6,7, сүт өнімдердің – 5,7, жаңа піскен нанның – 2,2% шығарылуын ұлғайту ықпалын тигізді.

Өңдеу өнеркәсібінде өсу азық-түлік өнімдерінен басқа  спиртті сусындарын өндіруде 3,6 есе, дайын тоқыма бұымдарды – 2,3 есе, лактарды –73,6%, пластмассадан жасалған есік пен терезеделерді-13, сэндвич-панелдерді – 9% байқалды. 




Яндекс.Метрика