Қазақстанның Тәуелсіздігі

ҚР ДСӘДМ: Тәуелсіздік жылдарында ҚР-да мүгедек балаларды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесі құрылды

Астанада ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына және БҰҰ Балалар қорының 70 жылдығына (ЮНИСЕФ) арналған «Балаға мейірімді Қазақстан!» атты халықаралық конференция өтті, деп хабарлады ҚР ДСӘДМ.
Астана қаласы22 Қараша , 18:46

Іс-шараға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Қазақстандағы ЮНИСЕФ, мүгедектердің қоғамдық ұйымдарының және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Конференция жұмысына қатысқан ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова  Қазақстан тәуелсіздік жылдары мүгедек балаларды әлеуметтік қорғау тиімді жүйесін құрғанын атап өтті.

«Еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде балалардың құқықтарын қорғау саласында үлкен жұмыстар атқарылды. Қазақстан мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қорғау саласындағы екі маңызды халықаралық келісімді ратификациялады, олар: Балалардың құқықтары туралы конвенциясы және Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясы. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қорғау - мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі. Бүгінгі күні мемлекеттік қолдау шараларымен 77 мыңнан астам мүгедек балалар қамтылды», - деді ол.

Іс-шара шеңберінде «Ерекше қажеттілігі бар бала» атты дөңгелек үстел өтті, онда физикалық мүмкіндіктері шектеулі балалардың өмір сүру сапасын және құқықтарын қамтамасыз ету, мүгедектікті анықтау және мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетуде ведомствоаралық өзара әрекеттестік мәселелері талқыланды.




Яндекс.Метрика