Халықаралық интеграция

Астанада Қазақстан-Израиль ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының отырысы өтеді

Астанада ағымдағы жылғы 23-24 қазанда Қазақстан-Израиль сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының отырысы өтеді, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі.
Астана қаласы22 Қараша , 16:21

Комиссияның Қазақстан тарапынан теңтөрағасы Қазақстан Республикасының Қаржы министрі – Бақыт Сұлтанов, Израиль тарапынан  Израиль Мемлекетінің Қоршаған ортаны қорғау және Иерсалим мен диаспора істері жөніндегі министрі Зеэв Элькин болып табылады.

Комиссия екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және жандандыру мақсатында өткізіледі. Ауыл шаруашылығы, сауда, кәсіпкерлік пен инвестиция, денсаулық сақтау, азаматтық авиация саласындағы мәселелерді, сондай-ақ Израиль Мемлкетінің Премьер-Министрі Б.Нетаньяхудың Қазақстан Республикасына сапары барысында қол қойылатын екіжақты құжаттарды талқылау жоспарлануда.

Комиссияның жұмысына екі елдің мемлекеттік органдары мен ұлттық ұйымдарының өкілдері қатысады.




Яндекс.Метрика