Евразиялық одақ

Қарағанды облысының ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 963,5 млн долларды құрады

Қарағанды облысының Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен (ЕАЭО) өзара сауда көлемі 963,5 млн АҚШ долларын құрады, деп хабарлады облыстың статистика департаменті.
Қарағанды23 Қараша , 08:53

2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қарағанды облысының Еуразиялық экономикалық одағы елдерімен (ЕАЭО) өзара сауда көлемі 963,5 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 499,4 млн. АҚШ доллар, импорт – 464,1 млн. АҚШ доллары.

Ресей Федерациясымен өзара сауда көлемі 894,1 млн. АҚШ доллар (өзара сауда көлемінің 92,8%-ы) сомасында қалыптасты, Қырғызстан Республикасымен – 45 млн. АҚШ доллар (4,7%), Беларусь Республикасымен – 24,1 млн. АҚШ доллар (2,5%), Армения Республикасымен – 312 мың АҚШ доллар (0,03%).

Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспорттың жалпы көлемінде 89,6% – Ресей Федерациясына, 8,8% – Қырғызстан Республикасына, 1,6% Беларусь Республикасына келеді.

«Экспорт құрылымында айтарлықтай үлесті – 64,2% тегіс илек құрады. Тас көмір, шымтезек, шекемтас және тас көмірден алынған қатты отынның ұқсас түрлері – 10%-ды, мырыш кендерi мен қойыртпалары 6%-ды құрады», - делінген хабарламада.

Ресей Федерациясынан импорт Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен импорттың жалпы көлемінен 96,3%-ды, Беларусь Республикасынан – 3,4%-ды, Қырғызстан Республикасынан – 0,2%-ды, Армения Республикасынан импорт 0,1%-ды құрады.

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен облысқа кең ауқымды тауарлар әкелінеді. Ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйекте импорт құрылымында қара металдан жасалған бұйымдар басым болды, ол әкелінген тауарлардың жалпы көлемінен 6,5%-ды құрады, тегіс илек – 6%, пластмассалар және олардан жасалған бұйымдар – 5,7%.




Яндекс.Метрика