Ұлттың денсаулығы

2017 жылы өтетін Универсиадаға Чехия Республикасынан 127 делегат қатысады

Алматыда 2017 жылы өтетін Универсиадаға Чехия Республикасының 127 өкілі бар делегациясы қатысады, бұл жөнінде Алматы әкімі Бауыржан Байбектің Чехия Республикасының сыртқы істер министрі Любомир Заоралекпен және осы елдің өңірлік даму министрі Карла Шлехтовпен кездесуі барысында белгілі болды.
Алматы қаласы22 Қараша , 15:57

Алматы қаласы әкімдігінің ақпараты бойынша, тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Алматы әкімі Алматы мен Чехия арасындағы сауда байланысы үстіміздегі жылдың 10 айы ішінде 76,3 млн. АҚШ долларына артқанын, мегаполисте біріккен 40 және чехтың капиталымен жұмыс істейтін 24 кәсіпорынның тіркелгендігін айтты.

Өзінің сөзінде Б.Байбек 2015 жылы Қазақстан әлемнің 35 елі үшін визасыз режимді енгізгенін, 2017 жылы оның 56 мемлекетке жететінін хабарлады.

«Алматы еліміздің барлық туристік қызметінің 60%-ын қамтамасыз етеді. Мұнда әлемдегі биік тау шатқалындағы «Медеу» мұз айдыны, маусымына 120 мың адам келетін «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты бар, әрбір екінші шетелдік турист Алматыға келеді. Өткен жылы Алматыда Чехияның 1,5 мың азаматы болды. Келер жылдың басында 28-ші Қысқы Универсиада өтеді, оған құрамында 127 адам бар Чехия делегациясы да қатысады, олардың 78 атлеттер», - деді Б.Байбек.

Чехия Республикасының сыртқы істер министрі Любомир Заоралек екі ел бизнесмендеренің түрлі салалар бойынша өзара байланыстарының артып келе жатқанын сөз етті.

«Биыл Қазақстан өз тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Осы қысқа мерзім ішінде Қазақстанның зор елеулі табыстарға жеткені таңдандырады. Мемлекеттің экономикалық және саяси жағынан тұрақты болуы бизнес үшін өте маңызды. Сондықтан біз сіздермен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ынталымыз», - деді Л.Заоралек.




Яндекс.Метрика