Парламент

Сенатта БҰҰ Орнықты даму мақсаттары таныстырылды

Парламент Сенатында Біріккен ұлттар ұйымының 2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттары (ОДМ) таныстырылды.
Астана қаласы 22 Қараша, 14:32

Сенатта хабарлағандай, Парламент Сенатында 2030 жылға дейінгі Біріккен Ұлттар Ұйымында Жаһандық күн тәртібі ретінде қабылданған Орнықты даму мақсаттары (ОДМ) таныстырылды. БҰҰ-ға қатысушы мемлекеттер 2015 жылғы қыркүйекте қабылданған 17 мақсат кедейлікті жоюға, жер жүзіндегі ресурстарды сақтауға және баршаның теңдігі мен игілігін қамтамасыз етуге бағытталып отыр.

Орнықты даму мақсаттарын іске асыру дамуға арналған кешенді қадамдарды, кедейлік пен теңсіздіктің түпкі себептерін жоюды көздейді. Шараны аша келіп, Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Орнықты даму мақсаттарының бәрі қамтылатын және өршіл бағдарламаларын іске асыруда ұлттық үкіметтерге негізгі жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.

Сенатордың айтуынша, біздің еліміз БҰҰ бастамаларын іске асыруға белсенді қатысып келеді және 2017 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Тұрақты емес мүшесі болу құрметіне ие болды.

"Біздің елімізде қабылданған ұлттық стратегиялық құжаттар мен салалық мемлекеттік бағдарламалар Орнықты даму мақсаттарына үндес болып отыр. Бес институттық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспары Орнықты даму мақсаттарын табысты жүзеге асыруға елеулі тетіктер ұсынады», - деп атап өтті Д.Назарбаева.

Оның сөзінде алдағы «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде экологиялық мақсаттарды ілгерілетудің маңызды рөлі аталып өтілді.

«Біздің Республикамыздың жетістіктері және жаңа міндеттер қою деңгейі Елбасының Қазақстанды дамытудағы алысты болжаған стратегиялық ойларын көрсетеді. Қазіргі замандағы Қазақстан Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуде көшбасшы болуға дайын және аймақтағы елдер үшін өнеге ретінде қызмет етеді», -деді Д.Назарбаева.

БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілі – БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимамура парламентшілерге құттықтау сөз сөйледі. Оның айтуынша, Орнықты дамудың ауқымы бойынша бәрі қамтылатын және өршіл мақсаттарына қол жеткізу барлық мүдделі тараптардың тығыз әріптестігі жағдайында ғана қол жеткізуге болады.

«Бүгінгі кездесу біздің күш-жігерімізді біріктіруге және қоршаған ортаны қорғау және адам әлеуетінің дамуымен үйлескен елдің экономикалық өркендеуіне ықпал ететін орнықты дамуды қамтамасыз етуге көмектесетін талқылаулар мен нәтижелі жұмысқа жаңа қадам болып табылады», - деді Н. Шимомура.

ОДМ тобының жетекшісі, БҰҰДБ саясатын дамыту жөніндегі Сеулдегі бюроның директоры Балаш Хорват Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі Жаһандық күн тәртібінің негізгі тармақтары туралы баяндама жасады. Оның сөзінде Қазақстанның БҰҰ құрылымдарымен ұлттық және аймақтық деңгейдегі өзара іс-қимылының жоғары деңгейі атап өтілді.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Қазақстанда ОДМ-ны іске асыру барысы туралы сенаторларды хабардар етті. Таныстырылымға қатысушылар Сенат депутаттары Бірғаным Әйтімова, Ақан Бижанов, Геогрий Ким және Дархан Кәлетаевтың қойған сауалдарына жауап берді.

Шара қорытындысы бойынша сенаторлар орнықты даму қағидаттарын ілгерілету қажеттігі және Орнықты даму мақсаттарын іске асыруға қолайлы жағдай қалыптастыру үшін қолданыстағы заңнамаға ОДМ-ны кіріктіруге жәрдемдесу атап өтілген Мәлімдеме қабылдады. Мәлімдемеде таныстырылымға қатысушылардың ОДМ-ға қол жеткізу Қазақстанға халықтың әл-ауқатын жақсартуға және әлемдегі бәсекеге ең қабілетті 30 елдің қатарына енуге мүмкіндік береді.





Яндекс.Метрика