Үкімет

ҰБТ тест тапсырмаларынан Қазақстан тарихы алынбайды – ҚР БҒМ

Білім және ғылым министрлігі ҰБТ-дан «Қазақстан тарихы» пәнін алып тастау туралы ұсынысты қолдамады, бұл жөнінде ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҚР Үкіметінің отырысы барысында хабарлады.
Астана қаласы22 Қараша , 12:08

«Қазақстан тарихы» пәнін ҰБТ-дан алып тастау ұсынылған болатын. Бүгін бұл пән екі рет тапсырылады: мектепте және ҰБТ-да. Біз оны қалдыру керек деп санаймыз, себебі қоғамның пікірі бойынша, ол өте маңызды пән және ҰБТ-да болуы тиіс», - деп мәлімдеді министр.

Сонымен бірге, министр кешенді тестілеу форматының өзгеруі туралы ақпарат берді.

Колледжер үшін кешенді тестілеудің жаңа форматы бойынша 60 сұрақ ұсынылады, оның ішінде 20 – жалпы пәндер бойынша, 40 – бейінді пәндер бойынша. Бейін өзгерген жағдайда ҰБТ тапсыру ұсынылады. Тестілеу уақыты 100 минут.

Бұдан бөлек, Е. Сағадиев депутаттардың ҰБТ нәтижелері бойынша жергілікті бюджеттер есебінен гранттар бөлу туралы ұсыныстарын қолдады.

БҒМ білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен толықтырулар мәселелері бойынша халық арасында ауқымды түсіндіру жұмыстарын бастады. Ведомство 2017 жылғы қаңтардан бастап тестілеуді сынақтан өткізуге кірісуге дайын.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика