Қазақстан және БҰҮ

Г.Әбдіқалықова: БҰҰ-мен ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатының басымдығына айналды

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова БҰҰ-ның Халықты қоныстандыру саласындағы Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдеріндегі аймақтық қорының директоры Аланна Армитажбен кездесті.
Нұр-Сұлтан22 Қараша , 11:57

Тараптар Қазақстан мен БҰҰ қоры арасындағы гендерлік саясатты жүзеге асыру және өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту ісіндегі әйелдер рөлін күшейтуге қатысты бірқатар өзекті мәселелерді қарастырды.

Мемлекеттік хатшы отбасын жоспарлау, халықтың репродуктивтілік тұрғысындағы денсаулығын нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықты жою мәселелері жөніндегі өзара тиімді іс-қимылға тоқталып өтті.

«Біз БҰҰ-ның барлық агенттіктерімен, соның ішінде Халықты қоныстандыру саласындағы қорымен белсенді жұмыс жүргізіп келеміз. Осы уақыт ішінде бірнеше бағдарламаны жүзеге асырдық. Қазір 2016-2020 жылдарға иарналған төртінші бағдарламаны іске асыруға кірістік», - деді Г. Әбдіқалықова.

Г.Әбдіқалықова 2030 жылға дейінгі орнықты даму мақсаттарының толық іске асырылуын Қазақстанның қолдайтынын айтты.

«Қазақстанның БҰҰ-мен қарым-қатынасы – сыртқы саясатымыздың басымдығы бар негізгі бағыттарының бірі. Республикамыз ұйымның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өзара іс-қимыл аясын одан әрі кеңейтуге ниетті», – деді Г.Әбдіқалықова.

Атап өтейік, Мемлекеттік хатшымен кездесуден кейін ҚР СІМ-де келісімге қол қою жоспарланып отыр.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика