Үкімет

ҚР Әділет министрлігі тауар белгілеріне арналған өтінімдерді веб-сайтта жариялауды ұсынды

ҚР әділет министрі Марат Бекетаев Үкімет отырысының қорытындылары бойынша өткен брифинг барысында тауар белгілеріне арналған өтінімдерді не үшін жариялау қажеттігін түсіндірді.
Нұр-Сұлтан22 Қараша , 11:54

Министр «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы ұсыныстарының бірін түсіндіріп өтті.

«Қазіргі уақытта қандай тауар белгісі қандай тұлғаға бекітілгені туралы ақпарат мұндай шешім қабылданып, тауар белгісі тіркелгеннен кейін ғана жарияланады. Сәйкесінше, ол тауарл белгісінің кімге тиесілі екені туралы дауласуға кеш болады. Оны тек сотта ғана шешуге болады. Егер біреудің белгілі бір тауар белгісін тіркемек болып, өтінім беретіні туралы ақпарат веб-сайтта жарияланса, онда тауар белгісінің құқық иеленушілері оны бірден көріп, өз құқықтарын мәлімдей алады. Және жаңа тұлғаның атына тіркеу мүмкін болмайды. Яғни, даулы жағдайлардың алдын алуға болады», - деп түсіндірді М. Бекетаев.

Ол оның көптеген елдерде күнделікті практика екенін және жуырда Қазақстанда да енгізілетінін қосты.




Яндекс.Метрика