Инфрақұрылымның дамуы

Жамбыл облысында құрылыс жұмыстарының көлемі 4,6% артқан

2016 жылдың қаңтар-қазан айларында Жамбыл облысындағы құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6% артқан
Жамбыл22 Қараша , 15:16

Өңірдің статистика департаментінің ақпараты бойынша 2016 жылдың қаңтар-қазан айларында құрылыстық жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлемі қосымша бағалаумен есептегенде 79 992,2 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2% көбейді.

Облыстың 4 ауданында құрылыс жұмыстары көлемнің өсуіі байқалды: Шу (2,9 есе), Сарысу (172,2%), Қордай (118%), Меркі (116%).

Тараз қаласында 20 763,2 млн.теңгеге құрылыс жұмыстары орындалды. Нақты көлем индексі 2015 жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда 13,8% кеміді.

Құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 2015 жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда 4,6%-ға артты, күрделі жөндеу жұмыстары 32,7%-ға , ағымдағы жөндеу жұмыстары 33,4%-ға кеміді,.

Құрылыс жұмыстарының түрлері бойынша жалпы көлемнің басым бөлігі 30,6% инженерлік құрылыстар үлесіне тиді.

Пайдалану бағыттары бойынша құрылыс жұмыстарының басым бөлігін 24,1% (19 312,6 млн. теңге) құбырмен тасымалдау құрылыстары құрады.




Яндекс.Метрика